Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Грек-рим күресі, ұлттық құрама, бас бапкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 18:59 Сурет: United World Westrling
Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Sportbugin.kz тілшісіне арнайы сұхбат берген федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылдың аяғында өз лауазымынан бас тартқысы келетінін айтты. Бірақ, көп ұзамай ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұлттық құраманың тізгінін кімге тапсыру мәселесін Федерация мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе талқылауда", — деді Сұлтанов.

Еске сала кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында команда тізгінін қолға алған болатын. Париж Олимпиадасында қазақстандық "классик" Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін суперкомпьютер қазіргі УЕФА Чемпиондар лигасының басты фаворитін атағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: