Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 18:29 Сурет: akorda.kz
Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.

Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын ұтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: