Қазақстан гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін бақ сынайды

Қазақстан гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 22:22 Сурет: olympic.kz
Гандболдан Қытайдың Цзинганшань қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда ұлттық құрама Жапонияға есе жіберді. Кездесу 39:24 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

26 шілдеде Қазақстан Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойында құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесі сарапқа салынады.

Финалда Жапония мен Қытай құрамалары шеберлік байқасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: