Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында Қытайды жеңді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетуде. Бұл топқа Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея құрамалары кіреді. Отандастарымыз топтық кезеңді Қытай командасына қарсы ойынмен бастады. Кездесу қазақстандықтардың пайдасына 28:26 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, келесі ойын 4 желтоқсанда өтеді. Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript