Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Украинамен ойнайды

Бүгін гандболдан әйелдер құрамалары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Украинамен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бразилия, Испания және Украина.
Бүгін, 3 желтоқсанда қазақстандық гандболшылар үшінші ойынында Украинамен шеберлік байқасады. Ойын Астана уақытымен 20:25-те тікелей эфирде көрсетіледі.
Ел құрамасы бұған дейін Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші рет қатысып отыр. Әзірше ең жоғары нәтижесі – 2007 жылғы 18-орын.
Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. Әрбір топтан алғашқы үш орындағы құрамалары жарыстың келесі сатысына жолдама алады.
Дода Дания, Норвегия, Швеция елдерінде 29 қарашада басталды, енді 7 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript