Пенчак силаттан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандық спортшы қола жүлдегер атанды

Азия ойындары, пенчак силат, жасөспірімдер, Азия ойындары, қола медаль, Әлиям Әзізова, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 18:45 Сурет: ҚР ҰОК
Әлиям Әзізова пенчак силаттан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында К.Карпиомен (Филиппин) кездесті, делінген ҚР ҰОК.

Кездесудің қорытындысы бойынша филиппиндік спортшы 27:46 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Әлиям Әзізова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: