Жас спортшымыз нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Сурет: Instagram/drs_kz
Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Чемпионат Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жерлесіміз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.
Сурет: Instagram/drs_kz
Бұл жаттығуда Швейцариядан келген Вивьен Джой Джегги әлем чемпионы атанды. Ол Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде кетті.
Жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған едң. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен Әлем кубогында жеңіске жеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript