Үш қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына шықты

Спорттық гимнастика, Индонезия, әлем чемпионаты, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 17:09 Сурет: ҚР ҰОК
Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттуғаларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш - 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.

Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

Бұған дейін депуаттық сауалға жауап берген Үкімет басшысы Олжас Бектенов отандық футболды дамытуға бірқатар қазақстандық олигархтардың қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: