Қазақстанның үш гимнасты Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорттық гимнастика, Баку, Әлем кубогы кезеңі, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 17:28 Сурет: ҚР ҰОК
Бакуде (Әзірбайжан) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші  болып шықты. Ол 13.833 ұпай жинап, әзірге ең үздік көрсеткішке ие.

Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.

Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: