Тас жолдағы велоспорт: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Тас жолдағы велоспорт, Қазақстан құрамасы, Азия чемпионаты, алтын медаль, чемпион, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 19:29 Сурет: ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан құрамасы 7 ақпанда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарып, алғашқы алтын медальды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz

Пхитсанулок (Таиланд) қаласында тас жолдағы велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні командалық эстафетада сынға түскен Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. Күміс жапониялықтарға бұйырса, қолаға Гонконг командасы қол жеткізді.

Команда сапында Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова, Анжела Соловьева өнер көрсетті.

Бұған дейін Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: