Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

велоспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 17:06 Сурет: olympic.kz
Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген қытайлық Тайпей командасы тұр. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді. 

Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген. 

Қазақстан құрамасы

  • ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова);
  • жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина);
  • ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров);
  • жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина):
  • андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров)
  • және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: