Жаңалықтар тізбегі
0

"Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында жас спортшыларымыз тағы үш медаль ұтып алды

"Азия балалары" қысқы ойыны, шаңғымен тұғырдан секіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 13:54 Сурет: Istagram/drs_kz
"Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде төрешілерден 203 ұпай алып, "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазды 

Қос Илья да жеңіс тұғырынан көрінді.

Илья Мизерных пен Илья Шильников шаңғымен тұғырдан секіруде "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында қарсылас шақ келтірген жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 13:54

Сурет: Istagram/drs_kz

Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанса, Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Енді Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Еске салсақ, "Азия балалары-2023" қысқы ойындарында қазақстандық спортшылар қоржынына алғашқы медальді 1500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанған Малика Жолтабар салған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: