"Азия балалары-2023" қысқы ойындарында жас спортшыларымыз алғашқы медальдарын иеленіп үлгерді

"Азия балалары" қысқы ойындары, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 18:08 Сурет: Instagram/drs_kz
Қазақстандық спортшылар қоржынына алғашқы медальді 1500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанған Малика Жолтабар салды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Спортты дамыту дирекциясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Маликадан кейін Мейіржан Төлеген дәл осы қашықтықта жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы қысқы ойындардың күміс жүлдесін ұтып алды.

Сурет: Instagram/drs_kz

Бұл екі жүлде Қазақстан құрамасына медальдық есепте 3-орыннан көрінуге мүмкіндік берді. "Азия балалары" II қысқы ойындары 5 наурызда аяқталады.

Бұл ойындарға Қазақстаннан алты спорт түрі бойынша 64 спортшымыз қатысады: шорт-трек, конькимен жүгіру, керлинг, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей және шаңғымен секіру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: