Паралимпиада-2022: Қазақстан қоржынында алғашқы медаль

Александр Герлиц, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 11:26 Сурет: Beijing2022
Петропавлдық Александр Герлиц 2022 жылғы Қысқы паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медалін салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

32 жастағы қазақстандық спортшы Александр Герлиц (LW6 класы, биатлон, тік тұрып жүгіру) Қысқы паралимпиада ойындарында еліміз үшін алғашқы медальдің иесі атанды.

Қазақстандық спортшы биатлоннан 10 шақырымға жүгіруде қола жүлдені жеңіп алды. Александр Горлицтің нәтижесі 33 мин 6,5 секунд. Ол төрт атыс сызығында үш рет мүлт жіберіп алып, жеңімпаздан 1 минут 21,3 секундқа қалып қойды.

Алтынды канадалық Марк Арендц, күмісті украиналық Григорий Вовчинский жеңіп алды.

Айта кетейік, Қысқы паралимпиада ойындарына Ұлттық құрамадан бес спортшы барды. Олар:

  • Александр Герлиц

  • Ербол Хамитов

  • Сергей Усольцев

  • Юрий Березин

  • Денис Петренко.

Қазақстан паралимпиадашылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара биатлон және пара шаңғы.

Бейжің-2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді. Биыл Паралимпиада ойындарында 50 мемлекеттен келген ең үздік 700-ден астам спортшы қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: