Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ақтық сында 229,6 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.
Австрия спортшысы Юлиан Шмид (229,8) жеңіске жетсе, словениялық Рок Облак та 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript