Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 10:48 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жарыста ел намысын қорғаған отандасымыз жекелей сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аустрия спортшысы Никлас Бахлингер жеңімпаз атанды.

Үшінші орын Болгария өкілі Владимир Зографскийге бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында польшалық Ига Швентектен жеңіліп қалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: