Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды.
Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.
Екінші күні Қазақстан өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Жеңімпаз атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинады. Екінші орынға 259,8 ұпаймен Данил Васильев жайғасты. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript