"Түркия турының" алтыншы кезеңінде Алексей Луценко екінші орын алды

Сурет: Instagram/astanaqazaqstanteam
Astana Qazaqstan Тeam командасының капитаны және көшбасшысы Алексей Луценко "Түркия туры" көпкүндігінің алтыншы тау кезеңінде екінші орын алып, өзінің үздік позициясын нығайта түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұзындығы 193,3 шақырым болатын бұл кезең Бодрум мен Селчук қалалары арасын қамтыды, мәреге жетер алдында екі биіктікті игеру міндеті тұрды. 

Велошабандоздарды биіктігі бойынша бірінші және санаттағы тау күтіп тұрды. 

"Астана" командасы өз көшбасшысын мәреге дейінгі аралыққа сәтті жеткізді, одан соң Алексей Луценко өзінің басты бәсекелестерімен биіктікке көтерілуде жақсы көрсеткіш көрсете білді. Біздің шабандозға 4 сағат 46 минут 34 секунд уақытты көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кескен Монако спортшысы Виктор Лангелоттиді басып озу үшін сәл-пәл ғана күш жетпей қалды. 

2-ші орын алғанына қарамастан, "Астана" командасының капитаны "Түркия турының" бас есебінде әлі көш бастап тұр, сондықтан 15 қазанда, жарыс аяқталғанда отандасымыздың жеңімпаздар тұғырына көтерілуіне жақсы мүмкіндігі бар.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді