Еуро-2024 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы сапында өзгерістер орын алды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады.

"10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады". Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы оқу-жаттығу жиынына қатысты мәліметтермен бөлісті.

"Бапкерлер штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына "Ордабасыдан" Максим Федин шақыртылды. Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бекхан Шайзада, Бағдат Қайыров жаттығу жұмыстарына ертең қосылады. Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Александр Заруцкий, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады. Самат Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келмеді. Бақтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Лев Скворцов, Александр Зуев ұлттық құрамаға 12-13 қараша күндері қосылады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді және елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Ойын Люблянадағы "Стожице" стадионында өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 01:45 (жергілікті уақытпен 20:45).

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: