Қазақстан-Сан-Марино: Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Арена" стадионына келді

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино командаларының ойыны басталды.

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр. 

Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-арнада суреттер жариялады. Одан ойын алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сан-Марино кұрамасының өкілдерімен кездесіп, сөйлескені белгілі.

Сурет: Ақорда


Сурет: Ақорда

Алдымен қос елдің әнұраны шырқалды.

Сағат 21.06-да ойын басталды.

Бұған дейін Сан-Мариноға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының бастапқы құрамында кімдер ойнайтыны хабарланған болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз