Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Сурет: olympic.kz
Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасы қоржынына алғашқы "алтын" түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті. 

Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі. 

Бұл - Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. 

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бұл - Қазақстан құрамасының екінші алтын медалы, ал грек-рим күресінен біріншісі.

Айта кетсек, мұның алдында еркін күрестен 86 келіде сынға түскен Азамат Діулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Осылайша, ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ еркін күрестен Қазақстан екі күміс медаль еншілеген: 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан және Асыл Айтақын.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады