Жаңалықтар тізбегі
0

Еркін күрестен Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ризабек Айтмұхан, Азия чемпионаты, күміс медаль, еркін күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 20:36 Сурет: olympic.kz
Бішкекте еркін күрестен өткен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 97 келі салмаққа ауысқан Айтмұхан осы салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновқа финалда есе жіберді. 


"Ризабек пен Ахмед осымен екінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов басымдық танытқан. Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол жаңа маусымды олимпиадалық салмақта бастап отыр", делінген хабарламада.

11 сәуірде Бішкекте жерлесіміз Мейрамбек Қартбай жеңіс тұғырына көтеріліп, 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: