Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен белдесті. Өкінішке қарай, қазақстандық балуан жекпе-жекте бір де бір ұпай ала алмады. Ирандық балуан 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын. 

Сол сында да Ализаде 8:0 есебімен басымдық танытқан. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күмісін иеленіп отыр. 

Бүгінге жарыс күнінде қазақстандық "классиктер" тағы екі медаль еншіледі. 63 келідегі Ержет  Жарлықасын чемпион атанса, 77 келідегі Ибрагим Магомадов қола медаль иеленді.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз