Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті.
Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі.
Бұл - Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі.
Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бұл - Қазақстан құрамасының екінші алтын медалы, ал грек-рим күресінен біріншісі.
Айта кетсек, мұның алдында еркін күрестен 86 келіде сынға түскен Азамат Діулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Осылайша, ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ еркін күрестен Қазақстан екі күміс медаль еншілеген: 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан және Асыл Айтақын.