"Астана" велошабандозы Кантер "Түркия турының" екінші кезеңінің жеңімпазы атанды

Сурет: Instagram/astanaqazaqstanteam
Astana Qazaqstan Team өкілі, неміс велошабандозы Макс Кантер 21 сәуірде басталған "Түркия туры" халықаралық көпкүндігінің екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 сәуірде шабандоздар Кемер және Каш қалалары аралығын қамтитын 190,6 шақырымдағы Түркия турының екінші кезеңіне барын сарын салды. Бұл кезеңнің жеңімпазы мәре сызығын бірінші болып қиған 26 жастағы неміс спортшысы Макс Кантер болды. "Астана" шабандозы велоспорттың мықты тұлғаларына шаң қаптырмай кетті, олардың арасында басқа екі жүлдегер бар: Анри Улиг (Германия) және Тобиас Лунд Андресен (Дания).

Мәре сызығын төртінші болып кескен "Астананың" тағы бір өкілі – итальяндық Давид Баллериниге жүлдегерлер тізіміне енуіне кішкентай ғана уақыт жетпей қалды.

"Түркия туры-2024" 28 сәуірде аяқталады және біздің шабандоздардың жеңіс тұғырына көтерілу мүмкіндігі әлі де бар. Жоғарыда аталған екі спортшыдан басқа Түркияға "Астананың" тағы бес кәсіпқойы келді: Марк Кавендиш (Англия), Хенок Мулуберхан (Эритрея), Родигер Селиг (Германия), Вадим Пронский және Николя Винокуров (екеуі де Қазақстаннан).

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі