Олимпиаданың 10-шы жолдамасы: Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық қарсыласын ойсырата ұтты

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы соңғы жолдамасын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шешуші жекпе-жекте молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен ойсырата ұтты.  

Осылайша, Мырзағали Айтжанов шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда барады.

Айта кетсек, бұған дейін Олимпиада жолдамасын тоғыз боксшымыз ұтып алған. Олар - Қамшыбек Қоңкабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек және Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Карина Ибрагимова. Сондай-ақ Валентина Хальзова 75 келіде және Назым Қызайбай 50 келі салмақта жолдама иеленген болатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды