Сүйінші! Бокстан тағы бір Олимпиада жолдамасы қоржынымызда

Валентина Хальзова, бокс, Олимпиада жолдамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 13:40 Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиадаға іріктеу сындарын сәтті аяқтады, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 75 келіде сынға түскен Хальзова колумбиялық Ширеледейз Орозокодан басым түсті.

Турнир барысында қазақстандық боксшы Украина, Моңғолия боксшыларын жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Олимпиада жолдамасын жеті боксшымыз ұтып алған. Олар - Қамшыбек Қоңкабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек және Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Карина Ибрагимова.

Бүгін Олимпиада жолдамасына Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Назым Қызайбай да таласады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: