Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Шаршы алаңды да, Олимпиада рухын да сезіне бастадым

Сурет: olympic.kz
Бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, шағын сұхбат берді, деп жазады Zakon.kz.

"Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен. Өзі Азия ойындарының күміс жүлдегері, жолдаманы да сол жарыста алған.

Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оның үстіне, екінші жекпе-жек болған соң, шаршы алаңға да бой үйрете бастадым.

Ал Олимпиаданың рухы керемет. Бүкіл спортшы армандайтын жарыс болған соң, аянып қалмау керек", - деді боксшы. 

Айта кетелік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадада екінші жекпе-жегін өткізіп үлгерді. Ол 1/8 финалда Базарбайұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік Лай Чжуэнді жеңіп, ширек финалға өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды