Қазақстандық боксшы Олимпиаданың ширек финалына өтті

Қазақстандық боксшы Олимпиаданың ширек финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 00:29 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалда Базарбайұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік Лай Чжуэнмен жұдырықтасқан болатын. 

Алғашқы раунд жақын қашықтықта өтіп, қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да тура осы есеп тіркелді. 

Соңғы әрі шешуші раундта екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер басымдықты Базарбайұлына беріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: