Жаңалықтар тізбегі
0

Барлық тактиканы орындадым: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың 1/4 финалына қалай шыққаны жайлы айтты

Барлық тактиканы орындадым: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың 1/4 финалына қалай шыққаны жайлы айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 10:53 Сурет: Instagram.com/qaz_team_official/
29 шілдеде жазғы Олимпиада аясында екінші жекпе-жекті сәтті өткізген қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тайбэйден келген Лай Чжуенді қалай жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы қарсыластың осал болмағанын, жарысқа кіл мықтылар келетінін атап өтті.

"Ол Азия ойындарында екінші орын алған болатын, өте тәжірбиелі спортшы. Дегенмен, екінші жекпе-жегім болғаннан кейін шаршы алаңда өзімді еркін ұстадым. Бапкерлерімнің берген тапсырмалары мен барлық тактикаларын орындадым, соның арқасында жеңіске жеттім. Барша қазақстандықтар мен отбасыма, жанкүйерлеріме алғыс білдіремін". Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Бірінші жекпе-жекте ол испандық Ойер Ибаречені жеңген болатын. Базарбайұлының ширек финалдық жекпе-жегі 1 тамызда өтеді.

Бұған дейін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: