Мәскеудегі өнер кешінде қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2021 14:28 Сурет: Twitter/Club Camioneros
Қазақстандық боксшы Данила Семенов профи-рингте бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол Мәскеудегі бокс кешінде өнер көрсетіп, "Покемон" лақап атымен танымал аргентиналық Пабло Фариаспен жұдырық түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раунд бойына жалғасып, төрешілердің бірауыз шешімімен Семенов жеңіске жетті.

Төреші қазақстандықтың басын бұғып алғаны үшін бір ұпай шегертті. Бірақ бұл жекпе-жектің нәтижесіне түбегейлі әсер еткен жоқ.

Данила Семенов өзінің кәсіби мансабында бесінші рет жеңіске қол жеткізді, ал Пабло Фариастың бұл – алтыншы жеңілісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: