Қазақстандық боксшы кәсіби рингте жарқын жеңіске жетті
Сурет: Instagram/safronovamilana1
Қазақстандық боксшы Милана Сафронова Ыстамбул қаласында өткен IBA.Pro 7 турнирінде кәсіби рингтегі дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, 34 жастағы Милана түркиялық Гүлсүм Сейма Татармен жұдырықтасты.
Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және Сафронованың айқын басымдығымен, қазылар алқасының бірауызды шешімімен аяқталды.
Милана Сафронова — Қарағанды облысының тумасы. Ол — 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2018 және 2020 жылдардың Қазақстан чемпионы.
Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлер Милананы еліміздің боксы тарихындағы ең әдемі спортшылардың бірі деп санайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript