Бокстан ӘЧ-2023: Санатәлі Төлтаев кәсіби рингте жеңіліп көрмеген қарсыласпен бетпе-бет келді

Бокстан ӘЧ-2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 20:38 Сурет: Instagram/drs_kz
Ташкенттегі (Өзбекстан) 2023 жылғы бокстан Әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/32 финал кезеңінде Төлтаев Израиль боксшысы Ахмад Штивимен кездесіп, ұпай бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алып, жаттықтырушылардың үмітін ақтады. Оның қарсыласына келетін болсақ, Ахмад Штиви кәсіби рингте өнер көрсетеді, ол "таза" рекордқа ие спортшы - 8-0, 6 КО.


Айта кетсек, бүгін Қазақстан құрамасы сапынан тағы бір боксшы өнер көрсеткен болатын. Сағындық Тоғамбай (86 кг) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді үш рет нокдаунға жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: