Мырзағали Айтжанов: Нұрбек финалда барлық жігіт үшін айқасады

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 80 келі салмақта өткен Нұрбек Оралбай мен Кристиан Пиналес арасындағы жекпе-жекті қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Олимпиада ойындарында оңай қарсылас деген атымен жоқ. Барлығы да өте қауіпті саналады. Бүгін Нұрбекпен жұдырықтасқан доминикандық боксшы да құр емес. Ол қандасымыз Тоқтарбек Таңатқаннан бастап, мықты боксшыларды қатардан шығарды.

Нұрбек бүгін біздің айтқан тапсырмамызды мүлтіксіз орындады. Оған алға бармай, қарсыласты күтіп алып, қажетті кезде соққы жұмсау керектігін айттық.

Төрешілердің үш раундта да 3:2 есебін бергені туралы ештеңе айта алмаймын. Біз жеңісті бергеніне қуанып жатырмыз.

Алда финалдық жекпе-жек күтуде. Нұрбек командадағы барлық жігіт үшін айқасады", - деді Айтжанов.

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. 

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты