Нұрбек Оралбай: Қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз

Сурет: olympic.kz
Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген.

Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым.

Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз.

Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз.

Екінші раундта  нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны.  Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ", - деді Нұрбек Оралбай. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтып, финалға шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды