Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr автокөліктері сыйға тарту етілді

Сурет: Facebook
Атырауда спорт күні аталып өтіп, өңір басшысы спорттың дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдірді. Салтанатты шарада Париж Олимпиадасында бақ сынаған Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr автокөліктері сыйға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйлықты жергілікті кәсіпкерлер тарту еткені айтылады. Айта кетсек, бұған дейін депутат Айдарбек Қожаназаров Әбиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін тарту еткен еді. 

Қос спортшы да Өзбекстанда дүниеге келген. Кейін тарихи отанына оралған екі спортшы Атырау облысының намысын қорғап жүр. Париж Олимпиадасында дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта қола медаль үшін таласып, қарсыласына есе жіберген еді, ал Эсмигүл Куюлова жарысты ерте аяқтады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін