Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады - ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істедім. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды", - дейді көзіне жас алған Әбиба.
Айта кетейік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.
Ол Олимпиаданың қола медалі үшін өткен белдесуде жеңілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript