Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингіде алғашқы үштікке енді

Әбиба Әбужақынова, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 17:18 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

48 келі салмақта сынға түсетін Абиба олимпиадалық рейтингіде 4 576 ұпаймен үшінші орында тұр. 

Бірінші орынға 5 945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орынға 5 200 ұпаймен Нацуми Цунода орналасқан. 

Әлемдік рейтингте жерлесіміз 5184 ұпаймен төртінші орында. 

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде үздік үштікке енді. 

Португалияда өткен Гран-при турнирінде, Баку мен Антальядағы Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанса, Ташкенттегі Grand Slam-да күміске қол жеткізді. 

Әбиба Әбужақынова дзюдодан қазақ қыздары арасында әлем чемпионаты мен Grand Slam турнирлерінен жүлде алған алғашқы спортшы. Сондай-ақ, ол Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: