Нұрлан Оразбаев "Барыстың" бас директоры болып үшінші мәрте тағайындалды

Сурет: shaiba.kz
17 қазанда қазақстандық "Барыс" хоккей клубы жаңа Бас директордың есімін мәлімдеді. Борис Иванишевтің орнына Нұрлан Оразбаев келді, бұған дейін ол бұл лауазымды екі мәрте иеленген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

56 жастағы Қарағанды облысының тумасы бұл қызметті 2006 жылдан 2012 жылға дейін және 2013 жылдан 2015 жылға дейін атқарды.

9 қазанда Борис Иванищевтің ресми түрде отставкаға кеткені хабарланған болатын.

ҚХЛ-дың осы маусымындағы "Барыс" хоккей клубының нәтижелері көңіл көншітерлік емес. Команда Шығыс конференциясында өткізген 13 матчта бес ұпай жинап, соңғы — 12-ші орында тұр. Жаттықтырушылар құрамындағы елеулі өзгерістерге қарамастан, нәтиже әлі де қанағаттандырмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды