"Барыс" хоккей клубының бас директоры отставкаға кетті

Барыс хоккей клубының бас директоры отставкаға кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 21:52 Сурет: Instagram/barys_official
"Барыс" хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев ресми түрде отставкаға кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 9 қазанда елордалық клубқа жетекшілік ететін туризм мен спортты қолдау қоры хабарлады.

"Барыс" хоккей клубының бас директоры Борис Анатольевич Иванищев отставкаға кетті", делінген хабарламада.

ҚХЛ-дың осы маусымындағы "Барыс" хоккей клубының нәтижелері көңіл көншітерлік емес. Команда Шығыс конференциясында өткізген 13 матчта бес ұпай жинап, соңғы - 12-ші орында тұр. Жаттықтырушылар құрамындағы елеулі өзгерістерге қарамастан, нәтиже әлі де қанағаттандырмайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: