Андрей Скабелка «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне оралды
Сурет: hcbarys.kz
Төрт жылдан кейін беларусь маманы Андрей Скабелка "Барыс" хоккей клубының бас бапкері мансабына қайта оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа бапкермен келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін - екі маусымға есептелген, деп хабарлайды елордалық хоккей клубының баспасөз қызметі.
Беларусь маманы мұның алдында Ярославльдың "Локомотивін" жаттықтырған.
Андрей Скабелка қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2018/19 жылғы маусымда "Барыс" Скабелканың басшылығымен тұрақты чемпионаттар тарихында жинаған ұпайлары бойынша үздік нәтиже көрсетті. Елордалық клуб Чернышев дивизионын екі рет жеңіп, Гагарин Кубогының Шығыс конференциясының жартылай финалына екі рет шыққан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript