Геннадий Головкин АҚШ-тағы жаттығу орталығында болды

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев іс-сапармен АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығында (USOPC) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ ҰОК өкілдері спорт кешенін таныстырып, бокс, оқ ату, күрес, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, USOPC қызметкерлері нутрициология және спорт ғылымы саласындағы зерттеу бөлімінің қызметін егжей-тегжейлі таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК делегациясы көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын зерттеді.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-қа World Boxing Халықаралық бокс федерациясының Конгресіне қатысу үшін барған еді.

Айта кетсек, Черногорияда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында үш отандасымыз алтын медаль иеленді.

АҚШ
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз