"Челси" футболшылары Алматыға келе жатыр

Сурет: Instagram/chelseafc
Лондонның "Челси" футболшылары 11 желтоқсанда Алматыға қарай ұшып шықты. Бұл клубтың ресми Instagram-да жариялаған бірқатар суреттен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Суретте футболшылардың әуежайда жүргенін, ұшақ бортына отырғанын көруге болады. 

Сурет сипаттамасында: "Қазақстанға" деп қысқа-нұсқа жазылыпты. 

Сондай-ақ футболшылардың Қазақстанның қатал суығына дайындалып, жылы киімдер кигенін көруге болады.

2024 жылғы 12 желтоқсанда Алматыда футбол жанкүйерлері үшін маңызды оқиғалардың бірі болады. УЕФА Конференциялар лигасының турнирі аясында "Астана" мен "Челси" командалары кездеседі. 

Дүрбелеңге байланысты полиция билеттерді сату кезіндегі алаяқтық туралы ескертеді. Айта кету керек, стадион кассаларында билет жоқ. Сондай-ақ, бұған дейін Алматы полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылғаны белгілі болды.

Алматы
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі