Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға ел ағалары бір үйір жылқы сыйлады

Сурет: 24kz
Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өткен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. Дәл осы Ақтөбе облысының бір кәсіпкері дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовке де кезінде бір үйір жылқы тарту еткен еді. Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды", деп жазады Qsport.kz.

Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Жаңажол Қуанышбекке ақтөбеліктер ерекше сый-құрмет көрсетті.

Грекия астанасы Афинада қарсылас шақ келтірмеген жас спортшыға жерлестері бір үйір жылқы сыйға берді.

Айта кетейік, әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

Бұған дейін отандасымыз Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанғанын жазғанбыз.

 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді