Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2025: Мадхия Усманова чемпион атанды

Мадхия Усманова, грек-рим күресі, жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2025, чемпион, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 21:58 Сурет: United World Werstling
Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Усмановаға бұл жолы тең келетін қарсылас табылмады. Финалда ол Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек те алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұған дейін 9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар екі алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: