Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Мерей Мәулітханов, Иордания, грек-рим күресі, Азия чемпионы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 21:58 Сурет: ҰОК
Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Мерей Мәулітханов алтын медаль еншілеп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті. 

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: