Бокстан U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатында Расул Ассанханов алтын медаль иеленді

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бес отандасымыз финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.

Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.

Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.

Ал Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері финалда екі мәрте бақ сынап, бір алтын медальға ие болды. Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.  Аяжан Ермек болса, ел қоржынына күміс медаль салды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?