Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Құралай Егінбайқызы алтын медаль иеленді

Құралай Егінбайқызы, бокс, Азия чемпионаты, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2025 11:55 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Бұған дейін бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар бес қола медаль еншілегенін хабарлағанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: