Бокстан жастар арасындағы АЧ-2025: отандық спортшылар бес қола медаль еншіледі

Бокстан жастар арасындағы АЧ-2025, отандық спортшылар, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 18:57 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. 8 тамызда 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға жолдама алды.

Ал Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін), Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 4 спортшы алтын медаль үшін таласатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: