Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық 4 спортшы алтын медаль үшін бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнир аясында әйелдер арасындағы жартылай финалдық кезең аяқталды.
Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға жолдама алды.
Алтын жүлде үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіге жоғары) жұдырықтасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript